Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023

Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті анықталды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қаңтарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын полицияның көзіне бірнеше рет түскен және облыс орталығындағы криминогендік жағдайға ықпал еткен Көкшетау тұрғынының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетау тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті анықталды

Жедел уәкілдердің мәлімдеуінше, 28 жастағы ақмолалық қала тұрғынынан 50 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған. Ол физикалық күш қолданып, жәбір көрсетемін деп қорқытқан.

«Қажетті жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар өткізілгеннен кейін, арнайы бөлімшелерді тарта отырып, ҰҚҚКБ қызметкерлері фигурантты ақшалай қаражатты алған кезде қолға түсірді. Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.