Театр • 26 Қаңтар, 2023

«Ұр, тоқпақ!» – қуыршақ театрында

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талай жылдан бері қуыршақ ойнап, балдырғандарды қуантып жүрген Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры жас жеткіншектерге халық ертегісінің желісімен сахналанған «Ұр, тоқпақ!» қойылымының премьерасын ұсынды.

«Ұр, тоқпақ!» – қуыршақ театрында

Жақсылық пен жаман­дықтың, адал­дық пен арам­дықтың аражігін айқын­дай­тын бұл спектакльде аңғал да сенгіш, ақкөңіл де мейірімді ақсақал қошақанын іздеп жүріп, тұзаққа түскен қазды құтқарып қалатынын бәріміз жатқа білеміз. Қарапайым қазды емес, таң­ғажайып данышпан Қазбайды құт­қарған ақсақал мен кемпірінің өмі­ріне сол сәттен бастап үлкен өзгеріс енеді. Қаз­бай қарияға алғыс айтып, «Піс қазан», «Құс есек» пен «Ұр, тоқпақ» ат­ты ерекше сиқырлы сый­лықтар ұсын­ға­нымен, жез­тырнақтар түрлі адам кей­піне еніп, сыйлықтарын тар­тып алу­ға талпынады. Деген­мен әділдік же­ңіп, ақсақал өз мақсатына жетеді.

Ұлттық дәстүрмен ұтым­ды безен­ді­ріліп, әуезді әнмен, көңілді бимен әр­ленген ер­тегі – кішкентай көрер­мен­­дер­ге қызықты көңіл күй сыйлап қана қой­май, бала санасының дамуы мен рухани, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңі­ріп, тіл ал­ғыш­тыққа, тәртіп­ті­лікке, шын­шылдық пен үл­кенге құрмет көр­сетуге үн­дейді.

Қойылымның инсценировка авторы – ақын Қа­сымхан Бегманов. Спек­­такльдің суретшісі – Ал­ты­­най Жү­сіпәлі. Қойы­лым­­­ды музыкамен көр­­кем­­дегендер – Бақберген Бай­­­шы­ғаш пен Аршын Жол­дасхан. Туын­дыны режиссер Еркебұлан Қаб­дыл сах­налаған. Айта кетейік, ол бұған дейін қазақы салт-дәстүр мен батыр­лықты көр­сететін «Ер Төстік», жас­өс­пі­­рімдерге арналған, қазақ валь­сінің королі Шәмші Қал­даяқовтың ән­дер топтама­сынан сахналанған «Өмір-өзен», жолда жүру ережесі мен дос­тықты дәріптейтін «Ауыл иті Ақ­бай» атты кө­рер­мен сұранысына ие шы­ғар­маларды қойған.