Бұл күндері Индонезия астанасы – Жакартада Олимпиада бағдарламасына енген винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем кубогінің кезекті кезеңі өтіп жатыр.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, жарыстың алғашқы күнінде спортшылар пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда сынға түсті. 60 рет нысана көздеп, 259,8 ұпай жинаған Қазақстан спортшысы Константин Малиновский Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды.
Бұл сында бас жүлдені 261,6 ұпай жинаған жапониялық Наоя Окада олжаласа, қола медаль швециялық мерген Маркус Мадсенге бұйырды. Ол жалпы есепте 258,5 ұпай жинады. 7 ақпанға дейін жалғасатын жарысқа 31 елден 300 спортшы қатысып жатыр.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына кімдер сайланды?
Сайлау • Кеше
Түркістан облыстық мәслихатына сайланған депуттар кім?
Сайлау • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар