Қазақстан теннисшілері – Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында өткен ITF W40 турнирінің финалында қарсыластарына жол берді.

Әлемдік рейтингте 483-орында тұрған Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова (585 WTA) бас жүлде үшін өткен матчта жарыс қожайындары – Анкита Райна мен Пратхана Тхомбаремен шеберлік байқасты. Бірінші сетте жерлестеріміз 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте Үндістан теннисшілері есе қайтарып, таразы басын теңестірді – 7:5. Ал шешуші тай-брейкте корт иелерінің жолы болып (10:8), жарыс жеңімпазы атанды.
Тағы бір жерлесіміз Альбина Кәкенова да Аустралиядағы Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирінің финалында жеңілді. Қазақстанның жас теннисшісі тартысты өткен бәсекеде жапониялық Хикари Ямоммотоға есе жіберді – 7:6, 4:6, 2:6.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына кімдер сайланды?
Сайлау • Кеше
Түркістан облыстық мәслихатына сайланған депуттар кім?
Сайлау • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар