Қоғам • 30 Қаңтар, 2023

Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық пікірді зерттеу институты 25-28 қаңтарда телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде, 2023 жылғы 19 наурыздағы Парламент сайлауында сайлаушылардың ықтимал келу деңгейі 53,3 пайызды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін

Нақты дауыс беретіндердің жалпы үлесі 39 пайыз және дауыс беруі мүмкін дегендер 14,3 пайызды құрады.

Ал 34,6 пайыз респонденттердің 11,5 пайызы дауыс бермеуді жөн көреді. Ал 23,1 пайызы мүлде дауыс бергісі келмейді. Бейтарап қалғандар 12,1 пайыз.

Парламент сайлауында дауыс беретіндердің 48,6 пайызы «Аманат» партиясының кандидаттарын қолдауға ниетті. Сауалнамаға сәйкес, 6,2 пайыз «Ауыл», 5,4 пайыз «Ақжол» партияларына дауыс беруі мүмкін.

Басқа партиялар сайлаушылардың қолдауына ие бола алмады. «Барлығына қарсы» санатын таңдауға дайын респонденттердің үлесі 2,6 пайыз. Дауыс берушілердің 22,8 пайызы өздерінің партиялық қалаулары туралы әлі шешім қабылдамаған.

Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды: бес немесе одан да көп партиялардың төменгі палатадағы өкілдігі – 27,8 пайыз, төрт – 6,6 пайыз, үш - 16,8 пайыз, екі-12,0 пайыз.

Сауалнаманы «қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты осы жылдың 25-28 қаңтары аралығында институттың өз қаражаты есебінен жүргізген. Сауалнамаға 17 облыстан және Астана, Алматы және Шымкент республикалық маңызы бар қалалардан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысқан.

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті