Саясат • 30 Қаңтар, 2023

БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы 2-3 ақпанда Наталья Герман Орталық Азия үшін Превентивті дипломатиясы жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығының басшысы ретіндегі миссиясының аяқталуына және БҰҰ Терроризмге қарсы күрес комитетінің Атқарушы директоратының Атқарушы директоры лауазымына тағайындалуына байланысты Орталық Азия елдері бойынша қоштасу туры шеңберінде Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді

Астанада ҚР СІМ басшылығымен кездесулер жоспарланған.

Тараптар Орталық Азия елдері мен БҰҰ Өңірлік орталығы арасында қалыптасқан көпжылдық әріптестік пен сенімге негізделген БҰҰ шеңберіндегі өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін профилактикалық дипломатия құралдарын дамыту мен нығайтуды талқылауды жоспарлап отыр.