Қаржы • 30 Қаңтар, 2023

Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260,3 млрд теңгеге ұлғайып, 14 663,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті

«Желтоқсанда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7 793,4 млрд теңгеге дейін 104,6 млрд теңгеге өсті», деп атап өтті Ұлттық банк.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ шоттарды қоса алғанда) 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10,9 млн шотты құрады.

Желтоқсан айында БЖЗҚ 39,4 млрд теңге зейнетақы төлемдерін төледі.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтарда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 49,6%-ы және 19,6%-ы) алады.