Елімізде кейінгі жылдары теннис спорты қарқынды дамып келеді. Оған жерлестеріміздің халықаралық ареналарда көрсетіп жүрген табысты нәтижелері дәлел бола алады. Мысалы, былтыр Қазақстанның ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет әлем чемпионаттарының финалында бақ сынады. Ал күні кеше ғана әлемдік рейтингте ТОП-10 теннисшінің қатарына енген Елена Рыбакина 2022 жылы «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» турнирінде топ жарса, биыл Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетті.

Еленаның бұл табысы, сөз жоқ, Қазақстан теннисі үшін тарихи нәтиже болды. Олай деуге негіз, бүгінге дейін осы спорт түрін серік еткен бірде-бір жерлесіміз «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің жекелей сынында үздіктер қатарынан көріне алмаған. Десе де, Ярослава Шведова (2010, 2012) мен Юлия Путинцева (2016, 2018) екі мәрте және Елена Рыбакина (2021) бір рет «Ролан Гарростың» ширек финалына дейін жеткен. Сондай-ақ Путинцева 2016 жылы «Уимблдон» мен 2020 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінде дәл сол межеден көрінген-ді. Қазақстандық теннисшілердің «Үлкен дулыға» санаттарындағы бар жетістігі осы.
Теннисшілеріміз жаңа 2023 жылды да сәтті бастап отыр. Атап айтар болсақ, өткен аптада Елена Рыбакинадан бөлек, әйелдер арасындағы «Челенджер» турнирлерінде бақ сынап жүрген Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова, былтыр жасөспірімдер арасындағы Азия құрлығының рейтингінде көш бастаған Альбина Кәкенова және ерлер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов өздері қатысқан турнирлердің финалисі атанды.
Осы орайда, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов теннисшілерді айтулы жеңістерімен құттықтап, апта нәтижелерін қорытындылады.
«Елена Рыбакина – ел тарихында тұңғыш рет Аустралия ашық чемпионатының финалына шығып, Қазақстан жанкүйерлеріне тамаша эмоция сыйлады. Бұл финал – Еленаның өзі үшін, жалпы елімізде теннис спортының, әсіресе әйелдер арасында теннистің әрі қарай дамуына зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Мен Еленаға жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл – елімізде теннистің табысты дамып келе жатқанының бір көрінісі. Australian Open финалына дейін жету – шеберлік пен тұрақтылықтың белгісі. Дода барысында Елена әлемдік рейтингінің көшбасшысы Ига Швентекті және тағы басқа да мықтыларды тізе бүктірді. Олардың үшеуі – «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы. Еленаның түрлі төсеніштегі корттарда өзін еркін сезініп, қарсыласына байланысты тактикасын сауатты құратыны, өз ойынын үнемі жетілдіріп келе жатқаны айқын көрініп тұр. Жылдың сәтті басталуы алдағы жеңістерге жол ашады деп үміттенемін», деді Болат Жәмитұлы.
Сондай-ақ Қазақстан теннис федерациясының президенті елімізде тенниспен шұғылданамын деген барлық жанға жақсы жағдай жасалып жатқанын атап көрсетті. «Кейінгі бірнеше жылда Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер теннисін дамытуға көп күш салып жатырмыз. Қазірдің өзінде біз қыздарымыздың әр жас санатында жақсы спорттық көрсеткіштерге қол жеткізіп отырғанын байқаймыз. Сондықтан біздің ересек кәсіпқой теннисшілеріміздің жетістіктерімен қатар, ITF Juniors, ITF World Tennis Tour, ATF Juniors, Tennis Europe және басқа да турнирлердегі, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы жарыстарға қатысатын спортшылардың нәтижелерін ерекше атап өткім келеді. Мысалы, бірнеше күн бұрын Альбина Кәкенова беделді Australian Open 2023 Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирінің финалисі атанды. Өткен жылы Альбина ATF Juniors сериясында барлығы төрт турнирде жеңіске жетіп, 14 жасқа дейінгі Азия рейтингінде маусымды 1-орынмен аяқтады. Кеше ғана Үндістанда өтіп жатқан ITF W40 турнирінің финалында тағы екі спортшымыз – Жібек Құламба-ева мен Гөзал Айнитдинова өнер көрсетті.
Былтыр «Уимблдон» турнирінде Қазақстанның үш әйел төрешісі алғаш рет жұмыс істеді. Олардың бірі Юлия Игнатченко мұнара төрешісінің «Күміс белгісін» алған еліміздегі алғашқы төреші болды. Қазақстан теннисшілері алдағы уақытта да жақсы нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерін тағы да қуантады деген ойдамын. Сондай-ақ ойыншыларымызға қолдау білдірген барша жанкүйерге алғыс айтамын», деді Б.Өтемұратов.
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар