Өнер • 31 Қаңтар, 2023

Айтматов еліне саяхат

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Араны Алатау бөліп тұр демесек, қырғыз бен қазақ төскейде малы, төсекте басы қосылған бауыр халық екені әлімсақтан аян. Екі ел арасындағы мәдени-әдеби байланыс та ешқашан үзілмеген. Жамбыл мен Тоқтоғұлдың, Мұхтар мен Шыңғыстың арасындағы рухани тұтастық, достық та соның бір айғағы іспетті.

Айтматов еліне саяхат

Заңғар жазушы Шыңғыс Айт­матовтың 95 жылдық мерейтойы аясында Асқар Тоқ­панов атындағы облыстық қазақ драма театры Қырғыз Рес­публикасының Талас қа­ла­сына арнайы іссапармен барды.

Таластағы Капар Медет­беков атын­дағы музыкалық драма театрға жи­налған жұрт бұл күні жамбылдық ак­терлердің сахналауындағы Шың­ғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» қойылымын тама­шалады. Әлем таны­ған қа­ламгер шығармасы же­лі­сіндегі спектакльді қа­зақ өнер­­­паздарының орын­­­да­уын­­­да көрген жергілікті жұрт­­­шы­­лық жамбылдық ак­­­тер­лерге қоше­метін аяған жоқ.

Бұдан кейін Талас ша­һарының бас­шылары қо­нақ­жайлылық танытып, Жам­был облыстық қазақ дра­ма театрының ұжымын қа­ладағы мәдени нысандарға бастап барды. Нақтырақ айтар болсақ, жамбылдықтар Талас төріндегі «Манас эпосы» және классик жазушы Шыңғыс Айтматовтың музей-үйіне экскурсия жасады.

Асқар Тоқпанов атын­дағы облыс­тық қазақ драма театры ұжымы Айт­матов шы­­ғармалары желісінде көп­теген спектакльдерді сах­налап жүр. Бұл жұ­мыс­тар ал­дағы уақытта да тоқ­тамақ емес. Дарабоз тұл­­ға өмірінің бір белесі Жам­был өңірімен де байла­ныс­ты. Сондықтан да екі өңір арасындағы рухани бай­ланыс одан әрмен жал­ға­сын таба береді.

 

Жамбыл облысы