Аймақтар • 01 Ақпан, 2023

ШҚО-да мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін аязға байланысты ШҚО-дағы бірнеше өңірде бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мәліметінше, Күршім ауданы Күршім ауылының Шанағатты, Сарыөлең, Алғабас орта мектептері, Катонқарағай ауданындағы Жаңа Хайрузовка, Коробиха, Барлық, Аққайнар, Солоновка, Жұлдыз, Кіші Нарын орта мектептері, Самар ауданы Самар ауылының Сарыбел орта мектебінің 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды.

Сонымен қатар Күрші ауданының Ұрынхай, Тосқайың орта мектептері, Алтай ауданының Чапаев және М.Бекетов атындағы орта мектептерінің 0-9 сыныптары онлайн білім алады.