Қуаныш Құдайбергенов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол ірі мұнай-газ жобаларының бағытын қадағалайтын болады
Осы жылдар ішінде «Интегра» жабық акционерлік қоғамында бұрғылаушы инженері, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ техникалық маманы, Ірі кәсіпорындарды дамыту департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.
2017-2021 жылдары Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;
2021 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары болып қызмет атқарған.
Басқарма төрағасының ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасары Мұрат Мұңбаев 2022 жылы желтоқсанда өз еркімен қызметінен кеткен еді.
Дәулетжан Хасанов операциялық активтердегі мұнай мен газды барлау және өндіру бағытына, олардың тиімділігін арттыруға және одан әрі дамытуға, сондай-ақ ҚМГ ресурстық базасын кеңейтуге және кен орындарын ұтымды игеруге жетекшілік ететін болады.
Д. Хасанов әр жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ президенті, «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директоры, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры қызметтерін атқарды.
Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев Ақтаудағы ҚМГ өкілдігінің директоры лауазымына ауысуына байланысты өз қызметінен кетті.
ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев Қ.Есқазиевке жемісті және сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі