Еліміздің әйелдер құрамасы 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Бұл сында ел намысын қорғаған Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева үштігі финалда Сингапур мергендерімен сайысып, 17:15 есебімен басым түсті.
Бұған дейін жерлестерімізден пневматикалық винтовкадан 10 метрден оқ атуда Константин Малиновский – күміс және дәл осы қашықтықтағы аралас жұпта Валерий Рахымжан мен Ирина Юнусметова қола жүлде жеңіп алған болса, пневматикалық тапаншадан 10 метрден нысана көздеуден командалық сында Қазақстан құрамасы күміс жүлде жеңіп алған еді.
Әлем кубогінде 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль олжалаған Қазақстан құрамасы жалпыкоманадалық есепте Аустрия мергендерімен бірге екінші орынды өзара бөлісіп тұр.