Кәсіпқой бокс • 01 Ақпан, 2023

Жәнібекті жекпе-жекке шақырды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстың орта салмағында өнер көрсететін доминикалық Кар­лос Адамес (22-1, 17 КО) WBO тұжыры­мы бойынша әлем чемпионы Жәні­бек Әлім­ханұлын (13-0, 18 КО) әлеу­мет­тік желі арқылы жекпе-жекке ша­қырды.

Жәнібекті жекпе-жекке шақырды

Доминика республикасының Коменандор қаласында дүниеге келген 28 жастағы Карлос Адамес 2015 жылдан бері кәсіпқой бокс­та өнер көрсетіп келеді. Ол бүгінге дейін шаршы алаңда 23 кездесу өткізіп, соның 22 айқасында қарсыласынан басым түскен. Тек бір айқасында ғана жеңілістің кермек дәмін татқан. Бүгінде ол орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы саналады. Сондай-ақ Адамес әуесқой бокста да бірталай табысқа қол жеткізіп үлгерген. Атап айтқанда, 2012 жылғы жастар арасындағы Панамерика ойындарының жеңімпазы, 2013 жылғы ересектер арасындағы бәсекенің қола жүлдегері атанған.

Жуырда ол өзінің әлеуметтік желідегі парақ­шасында әлем чемпионы атағы үшін Жәнібекпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтып, отандасымызды шаршы алаңға шақырған еді. Күні кеше жерлесіміз онымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Ж.Әлімханұлы ең кейінгі кездесуін былтыр қараша айында британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен болатын.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше