Мектеп • 01 Ақпан, 2023

56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген

395 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу барысында бірқатар құқық бұзушылық анықтады. Тексеріс нәтижесінде 2022 жылдың соңында 56 мектеп лицензиясыз жұмыс істегені белгілі болды. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген

Лицензиясыз жұмыс істеген 56 білім ошағының 40-ы – мемле­кеттік, 16-ы – жекеменшік мекеме. Бұл мектептердің ең көбі Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орна­ласқан.

Бүгінгі таңда 11 мектеп бі­лім беру қызметіне лицензия алды. Үш мектептің материалы – соттың қа­ра­уында. 42 мектепке қатысты сот лицензиясыз қыз­мет көр­сет­ке­ні үшін айып­пұл та­ғайын­дау туралы қаулы шы­ғарды.

«Заңнамаға сәйкес, барлық мек­теп білім беру қызметін бас­тамас бұрын рұқсат алуы керек. Мек­­тепке білім берумен айналысу құқығы лицензия алған сәттен бас­тап қана бе­рі­ле­ді. Ли­­­­­цен­­зияның жоқтығы мек­теп­тің жарамдылық тек­серуінен өтпе­­­­­генін немесе рұқ­­сат алу үшін құ­жат­тарды тап­сыр­­­ма­ға­­нын білдіреді. Ли­­цен­зиясыз мектептер білім туралы мемле­кет­тік үлгідегі құжаттарды, яғни негізгі және жалпы орта білім тура­лы аттестаттарды бере алмайды. Лицензиясыз жұмыс істейтін мектептерге қатысты министр­ліктің аумақтық департа­менттері әкімшілік іс қозғады. Бүгінде сот шешімімен 42 мектепке лицензиясыз білім беру қызметін жүргізгені үшін айыппұл салынды. Егер мектеп заңды тұлға ретінде мем­лекеттік тіркелген сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәрті­бімен жұмысын тоқтатады», деді Оқу-ағарту ми­нис­­трлігі Білім са­ла­сында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төра­ғасы Ернұр Дауенов.

Жалпы, мектептер – жер­гі­­лік­ті ат­қарушы органдар­дың құ­­зы­ретінде. Бұл ретте ми­нистр­­лік облыстардың, респуб­лика­лық ма­ңы­зы бар қалалар­дың әкім­дік­те­рі­не және білім басқар­ма­ларының басшыларына мектеп­тер­де­гі құқық бұзу­шы­лық­тарды жою үшін шаралар қабылдау туралы ресми хат жолдады.