Білім • 02 Ақпан, 2023

Аграрлық университет әділет жолында

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры, ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев студенттермен кездесіп, жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қадамдар жайын талқылады.

Аграрлық университет әділет жолында

«Біздің мақсатымыз – жастарды жемқорлыққа төзбеуге шақыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, сол арқылы оқу үрдісінің сапасын арттыруға ықпал ету. Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқы­ғына лайықты құрмет көрсетілетін Әділет­ті Қазақстанды құру» дегенді үнемі айтып келеді. Осы орайда университет басшылығы мен студенттер арасында әріптестік сенімді арттыру мақсатында осындай ашық әңгіме өткізіп отырғаны маңызды. Бүгінгідей өзара сенімге негізделген шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты нығайта түседі. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы университет бағдарламасын қабылдаймыз», деді Ақылбек Қажығұлұлы.

Сыбайлас жемқорлық – әділет­ті қоғам қағидаттарына мүл­дем кереғар ұғым. Ел ертеңіне қыз­мет ететін білікті мамандар даяр­лауда сапалы білім беру, сту­дент­тер білімін әділ бағалау оқы­ту­шы­лардан да, білім алушылардан да үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Кездесу барысында студенттер университетке келмесе де жоға­ры балл алғысы келетін­дердің бар екенін және грант бөлу кезін­де әділетсіздіктердің, пара алуға бейім жағдайлардың кездесетінін атап өтті. Сыбайлас жемқор­лық фактілері көбінесе, студенттер сабаққа қатыспаған жағдайда, ара­лық бақылауды немесе пән­дік жұмыстарды, емтихандарды қайта тапсыру, курстық жұ­мыс­тар қорғау сәттерінде жиі кезде­сетін көрінеді.

Ректормен кездесуде студенттер кезінде жекеменшікке өтіп кеткен универ­ситеттің оқу ғимараттарын, студенттік жатақ­хананы, стадионды, жер учас­ке­лерін мемлекетке қайтару мәсе­лесін көтерді.

Студенттердің ой-пікірлері мен ұсы­ныстарын тыңдай келіп, ректор ашықтық пен өзара сенім мен байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында тиісті құрылым басшыларына тапсырма берді.

 

АЛМАТЫ