Әкімнің айтуынша, жерүсті метро құрылысының келесі кезеңі өткен жылы басталған. Астана әкімдігі бұл жұмысты екі жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.
«Үкімет алғашқы қаржыны былтыр бөлген еді. Биыл бұл нысанның құрылысы қарқын алады. Қазір жұмылдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ LRT-де жүретін болашақ пойыздар үшін құрал-жабдықтар үшін аванстық төлемдер жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Жоспар бойынша 2023-2024 жылдар аралығында жоба жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс», деп түйіндеді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.