Қазақстанның көз мерген спортшылары Жакартадағы винтовка және тапаншадан нысана көздеуден Әлем кубогінде сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша жарыстың кезекті күнінде Қазақстанның ерлер құрамасы 10 метрден пневматикалық тапаншадан нысана көздеуде күміс жүлдегер атанды. Жерлестеріміз бас жүлде үшін өткен финалдық матчта Түркия мергендерімен шеберлік байқасып, қарсыластарына 16:2 есебімен жол берді. Ұлттық құрама сапында Никита Чирюкин, Алексей Лотарев, Валерий Рахимжан өнер көрсетті.
Бұл – Әлем кубогінде Қазақстан мергендері жеңіп алған бесінші медаль. Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде бар. Бұл көрсеткішпен отандастарымыз жалпыкомандалық есепте 3-орында келеді. Жакартадағы бәсекеде ел намысын 15 спортшымыз қорғап жатыр.
Қырғызстанда топырақ көшкіні жүріп, тұрғындар эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 14:01
ЕҰУ әлемдік рейтингте едәуір ілгеріледі
Білім • Бүгін, 13:32
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Ұқсас жаңалықтар