Маңғыстау – азық-түлігі де, күнделікті тұтынатын тауар түрлері мен коммуналдық қызмет тарифтері де қымбат өңір. Тұрғындар тарапынан мұнайлы өлкеде баға тек мұнайшылардың жалақысына сәйкес қойылған ба деген жауапсыз сұрақтар бар. Бұл уәждің негізі бар. Қымбатшылық, әсіресе, азық-түлік бағасы жиі-жиі көтеріліп, қолға ұстатпай келеді. Бағаның бұлай шарықтауы мұнай саласы мен мұғалімдерден басқалардың – жалақысы төмен сала қызметкерлерінің, көпбалалы отбасылардың, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындардың қалтасын тықырлатып, жүйкесін жұқарта түсті.

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Айлықтан айлыққа қарыздана жетіп, келген жалақысын қарыз иелеріне немесе несиеге таратып беріп, келесі еңбекақыға дейін тағы да қарызға белшесінен батып отыру халықтың біраз бөлігі үшін қалыпты жағдайға айналды. Бұрын «тиын санап отырмыз» дейтіндер соңғы тиынын азық-түлікке сауып, санайтын тиын таппай қалғаны жасырын емес. Өңір тұрғындарының барлығы мұнайшы еместігі қаперден тыс қалғандай.
Маңғыстауда баға жоғары болуының екінші себебі – өңірге азық-түліктің 80-85%-ы сырттан, яғни өзге республикалар мен еліміздің басқа облыстарынан тасымалдануында. Неге сырттан тасымалданатын азық-түліктің көлемі соншалықты көп? Мұны жартылай болса да жергілікті өніммен алмастыратын мүмкіндік бар ма? Бұрын «Маңғыстауда климаттық жағдайға байланысты егін егу, жемістер, көкөністер өсіру мүмкін емес» деген ұғым-түсінік қазір ескірген. Үйінің маңын бау-бақшаға айналдырып, картоп, жуа, сәбіз, қызанақ, жүзім, қауын, қарбыз, көкшөп – неше түрлі мол өнімдерді күзде жинап, өздерінен ауысқанын сататын тұрғындар саны көбейіп келеді. Облыста бір жылдары көптеп салынып, алаулатып-жалаулатып ашылған жылыжайлардың қазір бар-жоғы, бар болса ел экономикасына қаншалықты үлес қосып жатқаны белгісіз. Әрине, жеке тұрғындар өсірген өніммен 800 мыңға тарта тұрғыны бар облыстың азық-түлікке, соның ішінде жеміс-жидекке, көкөніске қажеттілігін толық шешу мүмкін емес, әйтсе де бар мүмкіндікті пайдаланып, Маңғыстауда бау-бақша өсіру жұмыстарын құнттап қолға алуға болмас па? Маңғыстау туралы «жері сортаң, ешнәрсе өспейді» деген қасаң түсінікке малдана беруді тоқтатып, мүмкіндікке қарай жеміс-жидек, көкөніс түрлерін өсіруді жолға қойса дейміз. Ал әу бастан малға жайлы Маңғыстауда қазір де төрт түлік өсіп-өніп келеді. Бірақ олардан өнетін ет, сүт, сүттен жасалған тағам түрлерімен халықты қамти алмай жатыр. Маңғыстауға еттік бағыттағы мал мен консервіленген сиыр еті көбіне Батыс Қазақстан облысынан тасылады.
Маңғыстау облысы кәсіпкерлік басқармасы берген мәліметті сөйлетсек, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізбесіне кіретін 19 тауардың 10 тауарында баға өсімі байқалып, 4 тауардың бағасы төмендеген. Рожки, күріш, сары май, сиыр еті, тауық еті, сүзбе, картоп, сәбіз, пияз, 1 санатты тауық жұмыртқасы қымбаттап, бірінші сортты ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы мен қырыққабаттың бағасы арзандаған. Ең жоғарғы баға индексі байқалған пияз өнімінің бағасы жыл басынан бастап 23,9% өсім көрсетті және бұл өсім республика бойынша байқалып жатыр. Себебі шетелдерден келетін пияз көлемінің азаюы пияз өндірушілердің өз бағаларын көтеруіне әкеліп соқтырды. Бұл жағдайларға байланысты Үкімет деңгейінде пияз экспортына шектеу енгізілді, енді ішкі нарық тұрақталады деген ой бар. Ал жергілікті жерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен 4,9 млрд теңге қаражат бөлінген және биыл қосымша 500 млн теңге бөлу жоспарланған. Сондай-ақ тұрақтандыру қорында және «айналым механизмі» бойынша барлығы 8,3 мың тоннаны құрайтын 17 түрлі тауардың қорын қалыптастыруға қаражат бөлініп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін, жыл басынан бері өңірлік тұрақтандыру қорындағы сақтаулы тұрған тауарлардың 59,5 тоннасы сауда желілеріне интервенция жасалған.
– Өңірдегі 47 сауда объектісі бар «Дана», «Дина», «Анвар», «Лидер», «Алтынфуд» сынды 5 ірі сауда желісімен және 235 сауда нысандарымен ӘМАТ бағасының сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға түсіру туралы меморандумдарға қол қойылды. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің 35 жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Барлық елді мекенде 53 мониторингтік «Халық бақылауы» топ құрылып, өңірдегі азық-түлік дүкендер иелеріне «Сауда қызметін реттеу туралы» заңына сәйкес ӘМАТ 15%-дан аса үстемеақыға жол бермеу туралы хабарлама хаттар табысталып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары П.Сансызбаев.
2022 жылы облыста барлық көкөніс импортының көлемі 20,6 мың тоннаға жетті. Өнімдердің көбі Иран, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінен тасымалданған. Маңғыстауға көкөністерді жеткізумен, сақтап-таратумен «Асар-С» көтерме сауда орталығы және «KazFruit» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысып келеді. Облыс басшылығы баға белгілеуге әлемдік логистика, шикізат пен қызметтер құны әсер ететінін, алайда жергілікті әкімдікте өнім бағасын ұстап тұруға қажетті тетіктер бар екенін айтып жатыр. Мысалы, «Каспий» ӘКК арқылы кәсіпкерлерге 0,1 пайызбен бағаны алдын ала белгілеу шартымен қайтарымды несие беріледі. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 6 ірі сауда қоймасы бар болғанымен, олар бағаны тұрақтандыруға және маусымаралық кезеңге ұстап тұруға жеткіліксіз. Мемлекет басшысының Ақтау қаласындағы қоймаларды ұлғайту тапсырмасына сай 40 мың шаршы метрді құрайтын Ақтау көтерме-тарату орталығын салу жобасы іске аспақ. Қоймалары мен көтерме сауда орталығы нан тұратын ірі инвестициялық жобада қоймалардың көлемі 54 мың тонна болса, оның 20 мың тонна сыйымдылығы көкөністерді сақтауға арналмақ.
Әкімдік өз тарапынан жасалып жатқан жұмысты осылай тізбелейді, баға бәрібір баса-көктеп алға асып барады.
Маңғыстау облысы
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар