Қоғам • 02 Ақпан, 2023

Ділгір құралға қол жеткізудің жолы

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бастап Әлеуметтік қызметтер арқылы шамамен 18,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 200 ымдау тілі қызметін, 2 мың жеке көмекшінің қызметін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ділгір құралға қол жеткізудің жолы

Порталда мүгедектігі бар адам­­­д­арға оңалтудың техни­ка­­­лық құралдары мен қызмет­те­рін аларда өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таң­дау­ға мүмкіндік бар. Кө­мек түріне тапсырыс беру көр­сетілетін қыз­­метті алу­шы­ның элек­тронды цифр­­лық қол­таң­басымен растау арқы­лы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өзі әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңал­ту құралдарымен қамта­масыз етуге протездік-орто­пе­дия­лық, сурдотехникалық, тиф­ло­­техникалық және гигие­на­лық құ­ралдар, сондай-ақ кресло-ар­ба­­лар беру жатады.

Бүгінгі таңда порталда ар­­наулы әлеуметтік қыз­мет­тер көр­сететін 841 ме­ди­циналық-әлеу­мет­тік меке­ме (бөлімшелер), 308 ОТҚ жет­кі­зуші, 26 мыңнан аса жеке кө­мек­ші, 669 ымдау тілін қызметін және 95 санаторлық-курорттық емдеуді жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақ­па­раттық жүйесін енгізу Мүге­дектігі бар адамдардың құқық­та­рын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қа­рас­­тырылған. Қолдауға арнал­ған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы жан-жақты кеңес алуға болады.