Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында саяси партиялардың филиалдарын тіркеу және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері талқыланды.

Отырысқа облыстардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары (бейнеконференция режімінде), саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ отырысқа Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленчиев қатысты.
2023 жылғы 2 ақпанда «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» және «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестіктерін олардың филиалдарының тіркелуіне байланысты Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға жіберу, сондай-ақ алдағы сайлауда халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері бойынша спикерлер сөз алды.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ең әуелі қатысушыларды жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтады. Ол 2005 жылдың екінші ақпанында бірқатар елдің мемлекет басшылары сайлау бойынша көптеген маңызды халықаралық келісімге қол қойғанын атап өтті. Дүниежүзілік сайлау күнін құрудың мақсаты азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау үдерістерін жетілдіру болып табылады.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 2023 жылғы 21 және 27 қаңтардағы қаулыларымен 15 өңірден мәслихаттар депутаттарын сайлауға жіберілгенін хабарлады. Әзірге партияның Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында ғана филиалы жоқ.
Ал «Respublica» партиясы 2023 жылғы 21 және 27 қаңтардағы қаулыларымен 19 өңірден мәслихаттар депутаттарын сайлауға жіберілді. Осылайша, бұрын қабылданған қаулыларды ескере отырып, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Respublica» партиясы республиканың барлық өңірлерінде партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберілді.
Отырыстың екінші мәселесі 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы болды. Нұрлан Әбдіров биыл 20 қаңтарда сайлау науқаны шеңберіндегі бірінші отырыста Орталық сайлау комиссиясы сайлауды халықаралық байқау институтын ашқанын атап өтті. Бүгінде бір шет мемлекеттен және екі халықаралық ұйымнан аккредиттеуге ұсыныстар түскен.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Сыртқы істер министрлігі сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық және парламентаралық ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық корпусқа шақырулар жібергенін хабарлады. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы 34 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарының атына шақырулар жіберген. Бүгінде Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеуге бір шет мемлекеттен және екі халықаралық ұйымнан 25 байқаушы, оның ішінде Палестинадан 1 байқаушы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан 11 байқаушы және ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Миссиясынан 13 байқаушы ұсынылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында шет мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Сондай-ақ Мұхтар Ерман аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отыратынын атап өтті.
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар