18 Маусым, 2014

Саланы тиімді дамытқаны үшін алғыс

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың атына Солтүстік Қазақстан облы­сындағы Жарқайың ауылының тұрғыны Т.Қазиевтен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Хат иесі өзінің өмірін медицина қызметкерлері сақтап қалғандығын айта отырып, денсаулық сақтау саласының тиімді дамып келе жатқаны үшін алғысын білдірген. «Аурудың алдын алу мақсатында тұрғындарды жаппай тексеру бағдарламасына орай, Есіл ауданының Ильинка кентінің медицина қызметкерлері бізде дәрігерлік тексеріс жүргізіп, оның барысында менде білінбей жүрген жүрек ауруы бар екенін анықтады. Мені Петропавл қаласына жеткізіп, онда Кардиологиялық орталықтың тәжірибелі дәрігері Д.Тё сәтті ота жасады», – делінген хатта. Соңында хат авторы өзінің сауығып кеткенін, көңіл күйі жақсы екенін айтқан.