Оралда жан түршігерлік жол апатынан 33 жастағы Audi жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қоғам • Бүгін, 21:22
Спорт • Бүгін, 21:21
Әскер • Бүгін, 21:20
Әскерилердің әлеуметтік әлеуеті
Әскер • Бүгін, 21:19
Аймақтар • Бүгін, 21:17
Қоғам • Бүгін, 21:16
Ұқсас жаңалықтар