Әлем • 05 Ақпан, 2023

Қытайда жол апатынан 16 адам қаза тапты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясында бес көлік соқтығысып, салдарынан 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда жол апатынан 16 адам қаза тапты

Қытайда тасжолда 10 минуттың ішінде 49 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Оқиға Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясындағы тасжолда болды.

Сондай-ақ апат салдарынан 66 адам зардап шекті, оның сегізі ауыр жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жергілікті Төтенше жағдайлар министрлігі апат орнына жұмыс тобын жіберді.