Университет • 05 Ақпан, 2023

Ұлыбритания университетінің Ақтөбедегі филиалы

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Ғылым және жоғары білім министр­лігі, Heriot-Watt университеті және Қ.Жұба­нов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Министр Саясат Нұрбектің Ұлыбританияға жасаған сапары барысында бекітілген құжаттың берекесін көрер күн де алыс емес.

Ұлыбритания университетінің Ақтөбедегі филиалы

Ведомствоның баспасөз қыз­меті хабар­лағандай, Эдинбург қала­сында өткен кездесуде та­раптар меморандум аясында жү­зеге асатын қадамдарды нақ­­тылап, бірлесе атқаратын жұ­­мыстар бойынша жоспар жа­сап­ты. Осы орайда, бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына сай қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, оның ішін­де жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жолымен жүзеге аспақ.

Осыдан екі ай бұрын Ұлы­бри­таниядағы Heriot-Watt уни­вер­ситетінің ректоры Марк Биггс Ақтөбеге арнайы ке­ліп, облыс және Қ.Жұ­банов атын­дағы Ақтөбе өңірлік универ­си­тетінің басшылығымен кездес­кен болатын. Ақтөбе облысы әкім­дігінің қолдауымен Heriot-Watt университеті Қ.Жұ­банов атындағы Ақтөбе өңір­лік университетінің база­сында үш («Мұнай-газ ісі», «Электрэнергетика», «Компьютерлік инженерия») бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасын ашады. Бұл маман­дықтар өңірдің сұра­нысына қарай таңдалып отыр.

Жоғары оқу орындарының арасындағы серіктес­тік отандық техникалық және IT-маман­дарды бір­лесе дайындауға бағытталған. Оқуды аяқтаған студенттерге Heriot-Watt университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе уни­верситетінің қос дипломы бе­ріледі. Бұл мамандықтар ұлы­британиялық стандарт бойынша оқытылып, сапаны Heriot-Watt университеті бақылайды.

Талапкерлерді қабылдау келесі оқу жылында бас­талады. Алдағы уақытта жоғары оқу орындары ара­сындағы ака­демиялық ұтқырлық бағдар­ламалары қарқынды дамитын болады.