Елорда • 05 Ақпан, 2023

Жеңіс Қасымбек ауыз су стансасының жұмысымен танысты

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіс Қасымбек ауыз су стансасының жұмысымен танысты

Әкімнің айтуынша, қаланы дамыту инженерлік инфрақұрылымды салумен қатар жүруі тиіс. Бұл су, электр, кәріз және т.б. Қаланың өмір сүру сапасы олардың үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты. Айналма жолды аралау барысында ол кәріздік тазарту құрылыстарының, ауыз су стансасының және т.б жұмысымен танысты.

Мысалы, Үркер (Ильинка) нөсерлі кәріздердің үшінші кезегінің жобасын жасау үстінде. Жобаның қуаттылығы тәулігіне шамамен 45 мың м3 құрайды. Жобаны жүзеге асыру Үркерден, Қорғалжын тасжолынан және т.б. еріген және жаңбыр суын шығаруды қамтамасыз етеді.

«Сондай-ақ ағынды суларды тазарту құрылыстарын (КОС-2) жобалау, инженерлік желілерді жаңғырту, электр қосалқы станцияларын қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ауыз су станциясы (НФС-3), газ жылу станциялары және т.б құрылыс жұмыстары жүргізілу үстінде. Бұл тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мәселен, ауыз су станциясының (НФС-3) өткізу қабілеті тәулігіне 100 мың текше метрден астам суды құрайды», деп жазды елорда әкімі.