Ұлттық спорт • 06 Ақпан, 2023

Қазақстан спортшысы Түркияда бес асықтан күміс медаль жеңіп алды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының тұрғыны Мерей Сүлеймен 15 жасынан бастап бес асық ұлттық ойынымен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан спортшысы Түркияда бес асықтан күміс медаль жеңіп алды

Анталияда асық ату мен тоғызқұмалақтан Еуразия кубогі өтті. Оған Қырғызстан, Румыния, Чехия, Германиядан 60-тан астам спортшы қатысты.

Қазақстан сапынан асық атудан үш, бес асықтан екі команда бақ сынасты.

«Ямышево ауылының инновациялық көпсалалы колледжінің студенті Мерей Сүлеймен бес асықтан екінші атанып, күмістен алқа тақты», делінген Аққұлы ауданының әкімдігі таратқан хабарламада.