Аймақтар • 06 Ақпан, 2023

СҚО балабақшаларында 200-ден астам жаңа орын ашылады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында балабақшаларды көбейту мақсатында 210 орындық балабақша ашу жоспарланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО балабақшаларында 200-ден астам жаңа орын ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің балабақшадағы орынмен толық қамтамасыз етілгенін айтты.

«Кішкентай балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 205 жаңа орын ашылды. Бұл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Биылғы міндет – жұмыс істеп тұрған мекемелерді кеңейту арқылы тағы 210 орын ашу», деді Н.Жәшібеков.

Ол өткен жылдың қыркүйек айынан бастап барлық балабақшаларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделі енгізілгенін айтты.

- «Ойын арқылы оқыту» қағидасы бойынша мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасы өзгертілді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделі аясында облысымыздағы екі балабақша – Петропавл қаласындағы «Алтын бесік» бөбекжайы мен Қызылжар ауданындағы «Мирас» бөбекжайы алдыңғы қатарлы балабақшалардың озық тәжірибесін көшіру бойынша пилоттық жобаларға қатысып жатыр», - деді Н.Жәшібеков.