Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, кеше Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігі мен Lexus көлігі соқтығысқан. Белгілі болғандай, Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Сондай-ақ Mercedes көлігінің өзге екі жолаушысы - 48 жастағы әйел мен оның 7 жастағы қызы, Lexus автокөлігін тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілген.
Аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.