Францияның бас шаһары – Парижде мәресіне жеткен дзюдодан жылдың алғашқы «Grand Slam» жарысының аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) әлемдік «Grand Slam» турнирлерін Қазақстанда да өткізу туралы төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік «Grand Slam» жарыстарын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды. Айтулы дода Астана және Алматы қалаларында «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен өткізіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ әлемдік турнир аяқталғаннан кейін елімізде жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагерьлері ұйымдастырылады.
Іс-шара кезінде Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер IJF үшін турнирді өткізу құқығын әлемдік жарыстарда жыл сайын топ жарып, үздік нәтиже көрсетіп жүрген Қазақстан сияқты мемлекетке беру үлкен мәртебе екенін жеткізді.
«Кейінгі бірнеше жылда Қазақстанда дзюдо спорты өте қарқынды дамып келеді. Оны қазақстандықтардың «Үлкен дулыға», Гран-при, әлем және Олимпия ойындарында көрсетіп жүрген нәтижелерінен-ақ анық аңғаруға болады. Сондай-ақ сіздердің елдеріңізде әрқашан IJF пен Азия аймағындағы көптеген спорттық жарыс тұрақты түрде өткізіліп келеді. Әлемнің тоғызыншы территориясында «Grand Slam» турнирлерін өткізу дзюдоны дамытуға да, оны танымал етуге де жаңа серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан дзюдо федерациясына жемісті болашақ тілеймін», деді Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер.
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев еліміздің 2023 жылдан 2026 жылға дейін «Grand Slam» жарыстарын өткізу құқығын алуы дзюдо федерациясының орасан зор жетістігі және халықаралық турнирлерде Қазақстан туын асқақтатып, лайықты өнер көрсететін барлық спортшының ортақ жеңісі екенін атап өтті.
«Мариус Визер мырзаға бізге сенім артқаны үшін алғыс білдіреміз. «Grand Slam»-дегі алғашқы қадам бізді дзюдо отбасына одан әрі жақындата түседі деген сенімдеміз. Жер-жаһанның ең үздік дзюдошылары бас қосатын әлемдік жарыста спортшылар Қазақстанды жақсы танып-білу үшін турнирді жылдың қолайлы уақытында өткіземіз. Біз өз тарапымыздан жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Екі федерация арасындағы бұл ынтымақтастық ұлттық және халықаралық деңгейде одан әрі өсуге көмектеседі», деді Қуанышбек Есекеев.
Айта кетейік, «Grand Slam» («Үлкен дулыға») – Халықаралық жарыс күнтізбесіне сәйкес «IJF World Tour» аясында өткізілетін әлемдік жарыстар сериясы санатына енеді. IJF ережесі бойынша, жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлем және Олимпиада рейтингтеріне ұпай қосылады. Атап айтқанда, 1-орынға – 1000, 2-орынға – 700, ал 3-орынға 500 ұпайдан беріледі.
Биылдан бастап елімізде ұйымдастырылатын «Qazaqstan barysy Grand Slam» жарысында дзюдошылар 2024 жылы Парижде алауы тұтанатын және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпия ойындарына ұпай жинайды.
Айта кету керек, Париждегі «Grand Slam» жарысында Қазақстан дзюдошылары екі медаль жеңіп алды. Португалиядағы Гран-приде топ жарған аса жеңіл салмақтағы (48 кг) Әбиба Әбужақынова бұл жолы қола жүлдені қанағат тұтты. Ұлттық құрама көшбасшысы іріктеу сайысында жарыс қожайыны Мелани Виэуді ұтқанымен, кейінгі кезеңде испаниялық Лапуэрта Комас Мирейядан жеңіліп қалды. Ал жұбаныш белдесуінде жапониялық Рина Тацукаваны таза әдіспен жеңіп, қола жүлде үшін өткен белдесуде кореялық Ли Хёкённен басым түсті.
Сонымен қатар ерлер арасындағы 73 кг салмақта белдескен жерлесіміз Данияр Шамшаев та Париждегі додада үшінші орынға табан тіреді. Отандасымыз «А» тобындағы алғашқы белдесулерінде бразилиялық Майкл Марселино мен франциялық Даниил Зубконы жеңгенімен, кейінгі айналымда Олимпиаданың барлық медаліне қол жеткізген грузиялық Лаша Шавдатуашвилиге есе жіберді. Ал жұбаныш кездесуінде тағы бір татами иесі Джоан-Бенджамин Габаның осал тұсын тапса, шешуші белдесуде канадалық Артур Маргелидоннан айласын асырып, ел қоржынына екінші қола жүлдені салды.
Париждегі жылдың алғашқы «Grand Slam» жарысында әлемнің 82 елінен келген 520 спортшы бақ сынады.
Ауыл • Кеше
Тұрмысты жеңілдеткен жаңа технологиялар
Технология • Кеше
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Мереке • Кеше
Мәселе • Кеше
EURO-2024: Словения мен Данияны жеңе аламыз ба?
Футбол • Кеше
Шахмат • Кеше
Бокс • Кеше
Футбол • Кеше
Спорт • Кеше
Қысқы спорт • Кеше
Дәстүр • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Сайлау: Алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды
Сайлау • Кеше
Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Сайлау күні 609 сәби дүниеге келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Сайлау-2023: Дауыс берушілердің соңғы мәліметтері жарияланды
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Бокс: Карина Ибрагимова 1/8 финалға жолдама алды
Бокс • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Еліміздің басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады
Әлем • 19 Наурыз, 2023
ОСК: Халықтың 54,09 пайызы сайлауда таңдауын жасады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Халықаралық сарапшы алматылықтардың жауапкершілігін ерекше атап өтті
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Шетелде 5 мыңға жуық отандасымыз дауыс берді
Саясат • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Қостанайдағы 6 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
ОСК кешкі уақыттағы сайлау қарқынын баяндады
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Канадада жасөспірім екі полицейді атып өлтірді
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Қонаевта ретрокөліктер шеруі ұйымдастырылды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Елорда мен Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 19 Наурыз, 2023
Астанада әскери қызметші мұз астына құлап кеткен баланы құтқарды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?
Спорт • 19 Наурыз, 2023
Сайлау комиссияларының бірнеше мүшесі процестен шеттетілді
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
Алматының көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Қоғам • 19 Наурыз, 2023
6 миллионнан астам адам дауыс беріп үлгерді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды
Әлем • 19 Наурыз, 2023
Теміржолшылар әулеті дәстүр бойынша сайлауға келді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Павлодарда 103 жастағы кейуана дауыс берді
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ұқсас жаңалықтар