Теннис • 07 Ақпан, 2023

Дэвис кубогінің финалында кімдер ойнайды?

212 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақпанның алғашқы аптасында теннистен Дэвис кубогінің іріктеу ойындары өз мәресіне жетіп, командалық әлем чемпионатының күз мезгілінде өтетін финалдық бәсекесіне жолдама алған құрамалар белгілі болды.

Дэвис кубогінің финалында кімдер ойнайды?

3-5 ақпан аралығында өт­кен іріктеу матчтарының қо­рытындысы бойынша, 2023 жыл­ғы Дэвис кубогінің финалына 12 құрама жолдама алды. Бұл – Ұлыбритания, Нидерланд, Сербия, АҚШ, Финляндия, Фран­ция, Хорватия, Чехия, Чи­ли, Швейцария, Швеция және Корея құрамалары. Аталған 12 кұрама күзде былтырғы тур­нир­дің жеңімпазы атанған Ка­нада, финалист Аустралия және ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған Италия, Испания теннисшілерімен бас жүлдені сарапқа салады.

Іріктеу ойындарындағы ең тар­тысты матч Корея мен Бель­гия арасында өрбігенін айта кет­кен жөн. Алғашқы жарыс кү­нінің нәтижесі бойынша 2:0 есебімен алға шыққан Еуропа құрлығының өкілдері екінші күнгі матчтарда қатарынан үш ойында қарсыластарына есе жі­беріп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші жарыс күнінде Бельгия теннисшілерінен әлемдік рейтингте 115-сатыда тұрған Зизу Бергса мен 52-орындағы Сандер Гилле кореялық Квон Сун Ву (61) және Хон Сон Чанді (237) жеңсе, екінші жарыс күнінде өз жанкүйерлерінің алдында на­мысқа тырысқан кореялық спорт­шылар қатарынан үш матч­та қарсыластарын тізе бүктіріп, тама­ша камбэк жасады – 3:2. Жұп­тық сында Мин-Кю Сонг мен Нам Джи Сун Йоран Влиген мен Сандера Жилле жұбын екі сетте 7:6, 7:6 есебімен жеңсе, жеке­лей бәсе­кеде Квон Сун Ву үш сетте (3:6, 6:1, 6:1) Давид Гоф­фенді, Хон Сон Чхан екі сетте (6:3, 7:6) Зизу Бергсаны ұтып, фи­налдық сайысқа жолдама алды.

Өзге құрамалардың нәтижеле­ріне тоқталар болсақ, Хорватия – Аустрия – 3:1, Нидерланд – Сло­­вакия – 4:0, Финляндия – Ар­гентина – 3:1, Чехия – Пор­ту­галия – 3:1, Франция – Ма­жар­стан – 3:2, АҚШ – Өзбекстан – 4:0, Швейцария – Германия – 3:2, Сер­бия – Норвегия – 4:0, Швеция – Бос­ния және Герцоговина – 3:1, Ұлыбритания – Колумбия – 3:1 және Чили – Қазақстан – 3:1.

Қатарынан үш мәрте Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жол­­­дама алған Қазақстан құра­ма­­сының теннисшілері биыл сол же­тістігін қайталай алмай, жан­­­­күйер­лерін жерге қаратты. Ен­ді Юрий Щукин бастаған жер­лестеріміз жоғары топтағы ор­нын сақтап қалу үшін күзде бі­рін­ші ди­визионда жеңімпаз атан­ған құ­­раманың бірімен ше­берлік бай­қасады.