Елші бұл ақпаратты Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді.
«Қазір хабар-ошарсыз кеткен төрт қазақстандық туралы ақпарат бар. Жер сілкінісі кезінде үш азамат Хатай қаласында, тағы біреуі Адана қаласында болған», деді Уфук Экичи.
Елшінің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айта кетсек, Қазақстан азаматы Мирус Құрмашев Түркияның оңтүстігінде болған жер сілкінісінен кейін әріптестерімен бірге жоғалып кеткенін хабарлаған едік.