Теннис • 08 Ақпан, 2023

US Open чемпионынан басым түсті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Юлия Путинцева Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қала­сында өтіп жатқан «WTA 500» турни­рі­нің екінші айналымына жолдама ал­ды.

US Open чемпионынан басым түсті

Негізгі додаға іріктеу сайыстары арқылы қосылған Ю.Путинцева бірінші айналымда әлемнің 37-ракеткасы, 2019 жылғы АҚШ ашық біріншілігінің («US Open») жеңімпазы канадалық Бьянка Андреескумен шеберлік байқасты. 1 сағат, 41 минутқа жалғасқан матчта жерлесіміз қарсыласын екі сетте – 7:6 (7:2), 6:2 есебімен тізе бүктіріп, жарыстың екінші кезеңіне жолдама алды. Екі теннисші бұған дейін кортта бір мәрте кездесіп, ол кезде де жерлесіміздің мерейі үстем болған. 2017 жылы Билли Джин Кинг кубогі аясындағы Қазақстан – Канада матчында Путинцева қарсыласынан үш сетте – 6:4, 4:6, 6:4 есебімен басым түскен-ді.

Енді Путинцева екінші айналымда әлемдік рейтингте 14-орында тұрған бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі. Бұл теннисшінің аты-жөні Қазақстанның теннис жанкүйерлеріне жақсы таныс. Себебі Беатрис былтыр жұптық сындағы еліміздің бірінші ракеткасы Анна Данилинамен жұп құрап, бірталай додада үздіктер қатарынан көрінген болатын.