Медицина • 08 Ақпан, 2023

Жұлынған қолды жалғап берді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы №2 көпбейінді аурухананың дәрігерлері ауыр жарақат алған 22 жастағы жігітке шұғыл көмектесіп, жұлынып кеткен қолын қайта тігіп берді.

Жұлынған қолды жалғап берді

Оқыс оқиғаға тап болған пациент ауруханаға шұғыл түрде 7 қаңтарда түскен. Жас жігіттің оң қолы іс жүзінде жоғарғы иық деңгейінде бөлініп қалған.

Содан дәрігерлер дереу іске кірісіп, операцияны екі бригада 2 кезеңде жүргізді. Бірінші кезеңде ангиохирургтер қан ағымын қалпына келтіру үшін тамырларды тіккен. Екінші кезеңде травматологтер бұлшықеттерді, нервтерді, сіңірлер мен сүйектерді тігіп жалғаған.

«Операция шамамен бес сағатқа созылды. Біз әрқашан барлық ағзаны мүмкіндігінше сақтап қалуға тырысамыз. Операция кезінде тамыр-нерв байламына толық ревизия жасау керек болды. Қолы толық жұлынып кеткендіктен бұлшықеттері түгел тігілді. Бастапқыда қолды сақтап қалу және оның функциясын қалпына келтіру мүмкіндігі аз болды. Біз оның сәтті аяқталғанына өте қуаныш­тымыз», деді дәрігер-ангиохирург Дастан Сабырұлы.

Қазір пациент оңалту курсынан өтіп жатыр. Дәрігерлер оң қолдың жұмысын қалпына келтіруді белсенді қадағалап отыр. Консультациялар және әртүрлі әдістерді қолдану бойынша ұсынымдар береді.

«Біз операцияны оңалту әлдеқайда жылдам болатындай етіп жасай алдық. Қолы тәуір бо­лып кетті, қазіргі уақытта жігітті ештеңе мазала­май­ды», деді травматолог дәрігер Әлімжан Дүйсенбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55