Қазақстан • 09 Ақпан, 2023

Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен елге 64 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына жетті.

«Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам, оның ішінде 42 Қазақстан азаматы және 22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Жетісуда 4546 құрт дайындалды

Аймақтар • Бүгін, 17:40