Спорт • 09 Ақпан, 2023

Марктің алғашқы мүмкіндігі

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның әйгілі велошабандозы, әлемдегі ең үздік спринтердің бірі Марк Кавендиш жыл басында «Ас­тана» велокомандасының жейдесін ки­гені белгілі.

Марктің алғашқы мүмкіндігі

Сол даңқты велошабандоз Қазақстан велокомандасы сапындағы алғашқы жарысын 10 ақпанда өтетін біркүндік «Маскат Классика», 11-13 ақпан аралығына жоспарланған «Оман турынан» бастамақ. Аталған жарыста Марк Кавендиштен бөлек, Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы, дәл осы «Оман турында» 2018, 2019 жыл­­дары қатарынан екі рет топ жарған жер­ле­сіміз Алексей Луценко, Евгений Федо­ров, сонымен қатар Мануэле Боаро (Италия), Ха­рольд Техада (Колумбия), Мартин Лаас (Эс­тония), Леонардо Бассо (Италия) өнер көрсетеді.

2010 жылдан бері велоспортшылардың халықаралық күнтізбесіне енген «Оман туры» алты кезеңге жалғасады. Оның алғаш­қы екі кезеңі жекелей жарыстан, қалған төрт кезеңі таулы және спринтерлік кезеңдерден тұрады. Жарыс жеңімпазы ең соңғы таулы кезеңде анықталады.