Теннис • 09 Ақпан, 2023

Атағын қорғай алмады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпель қаласында өтіп жатқан ATP турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды.

Атағын қорғай алмады

Отандасымыз былтыр дәл осы турнирдің финалына шығып, әлемдік рейтингте 17-са­тыға жайғасқан германиялық Александр Зве­ревті екі сетте 6:4, 6:3 есебімен тізе бүк­­тіріп, жарыс жеңімпазы атанған болатын. Өкі­нішке қарай отандасымыз биыл сол жетіс­тігін қайталай алмады.

Биылғы турнирдің 6-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик бірінші айналымда корт қожайыны, дүниежүзілік рейтингте 75-орынға жайғасқан Грегуар Баррермен шеберлік бай­қасты. Аса тартысты өткен кездесуде жерлесіміз қарсыласына үш сетте 4:6, 7:6 (14:12), 6:7 (3:7) есебімен жол берді. 2 сағат 30 минутқа жал­ғасқан матчта Алек­сандр 19 рет эйспен ерек­шеленіп, 14 мәрте қос қателік жасады. Ал Баррер 5 эйсті жүзеге асырып, небәрі төрт мәрте ғана қосарланған қателікке бой алдырды.

Әр турнир сайын әлемдік рейтингте жоғары қарай өрлеудің орнына төмен қарай құлдилап бара жатқан Александр Бублик бұл сәтсіздігінен кейін келесі аптада тағы да 10-15 орынға төмендейді. Себебі ATP ережесі бо­йын­ша теннисшілер былтырғы жетістігі мен жинаған ұпайын келесі жылы қорғай алмаса, ATP рейтингтік ұпайын кері қайтарып алады.