Қоғам • 09 Ақпан, 2023

Азық-түлік тапшылығы қалай шешіледі?

536 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Кейінгі уақытта кейбір азық-түлік бағасының өскені анықталып отыр. Мысалы, өткен аптада Түркістан қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 100,5%-ды, ал жыл басынан бері 102%-ды құрады. Осы кезеңде пияздың бағасы 4,3%-ға (139-дан 145 теңгеге дейін), тұздың бағасы 3,8%-ға (52-ден 54 теңгеге дейін), рожкидың бағасы 2%-ға (302-ден 308 теңгеге дейін), күріштің бағасы 1,3%-ға (375-тен 380 теңгеге дейін), сары майдың бағасы 0,7%-ға (3 661-ден 3 686 теңгеге дейін) өсті.

Азық-түлік тапшылығы қалай шешіледі?

Бағаны тұрақтандыру бойынша делдалдық схемаларды тексеру жө­ніндегі комиссия отырысы өңір­де аптасына 3 рет өткізіліп жүр. Жыл басынан 14 комиссия отырысы өтіп, мониторинг және талдау нәти­жесінде анықталған бірқатар заң­на­ма бұзушылық бойынша тиісті шара қолдану мақсатында жұмыс жүргізілген. Жалпы, Түркістан қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін қала аумағында 25 ірі супермаркет, 3 көтерме сауда орны және 187 дүкен қызмет көрсетіп келеді. Әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік баға­сын тұрақтандыру мақсатында бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен мемо­рандум түзілген.

Қаңтарда болған жылыжай­лар­дағы шығын мәселесі көкөніс баға­сы­ның өсуіне әкелетінін айтқан Түр­кістан өңірінің жылыжай иелері Премьер-министрдің орынбасары – Сау­да және интеграция министрі Серік Жұманғарин, облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесуде талап-тілектерін жеткізді. Кездесуде жы­лы­жай иелеріне мемлекет тарапы­нан жан-жақты қолдау берілетіні, алай­да олар тек заң аясында жүзеге аса­тыны айтылды. Келер жылы кө­мір тапшылығын болдырмау үшін осы бастан іс-әрекетке көшу керек. Дегенмен мемлекет тарапынан да бірқатар ұсыныс бар. Ең алдымен, жылыжай иелері өнімінің 70 пайызын нарықтық бағамен ішкі нарыққа сатуға тиіс. Яғни көкөніс пен жеміс-жидектің басым бөлігі шетел емес, Қазақстан халқына қолжетімді болуы қажет. Жылыжай иелеріне мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алудың заңды тетіктері қара­лып жатыр. Алайда ол үшін олар өз ісін заңдастыруы керек. Қазіргі жағ­дайда бұл да кедергі болып тұр. Өйт­кені жылыжайлардың 90%-дан аста­мы құжаттандырылмаған.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың көбі жылыжай өндірісін сертификаттау, стандарттау және жоспарлау қажет деген ортақ пікірге тоқталды. Серти­фи­кат­таудан жалғыз өте алмайтын ша­ғын шаруашылықтар кооперативтер­ге бірігуге тиіс. Жалпы, респуб­ли­ка­да­ғы жылыжайлардың 71%-ы – об­лыс­­тың үлесінде немесе 1 569 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай бар. Статистикалық деректер бойынша, бүгінде республикада қияр мен қызанақ өндіретін 1,2 мың гектар жылы­­жай бар, олар 190 мың тоннаға жуық өнім береді. Бұл көлем Түркістан облысының жағдайын ескере отырып, халықтың жылыжай көкөністеріне деген сұранысын қам­та­масыз ету үшін жеткілікті.

Облыста көкөністер басқа өңір­лер­ге қарағанда 1,5-2 ай бұрын жи­на­лады. Жылдық тұтыну нормасына сәйкес облыс халқы картоп, сә­бізбен 1,5 есе, пиязбен 4,4 есе және қырыққабатпен 6,6 есе қам­та­масыз етіледі. Яғни Түркістан об­лысы диқандарының республика хал­қын әлеуметтік маңызы бар ерте мезгілдік картоп, пияз, сәбіз өнімдерімен қамтуға толық мүм­кіндігі бар. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру аясында биыл Түркістан өңірінде ерте пісетін картопты 9,02 мың гектарға, пиязды 2 мың гектарға, сәбізді 1,24 мың гектарға және қырыққабатты 7,54 мың гектарға егу жоспарланған. Нәтижесінде 186,3 мың тонна картоп, 55,5 мың тонна пияз, 30,4 мың тонна сәбіз және 187,2 мың тонна қырыққабат алу көзделіп отыр.

Облыста жеңілдетілген несие бе­ру­ді 4 бағытта жүзеге асыру жос­пар­­ланған. Осы бағытта өңірде жал­пы құны 56,6 млрд теңге болатын 18 жоба анықталды. Қажетті несие көлемі – 42,9 млрд теңге. Оның ішінде сүт-тауарлы фермалары бо­йынша 4 жоба арқылы жылына 18,7 мың тонна сүт өндіріледі. Ет бағы­тындағы құс фермаларын салу бойынша 4 жоба жүзеге асып, жылына 21,2 мың тонна құс етін өндірмек. Сонымен қатар суару жүйелерін енгізу бойынша 5 жоба анықталды. Суару аумағы – 5,7 мың гектар. Жеміс-көкөніс сақтау қой­ма­ларын салуға бағытталған 5 жоба­ның сыйымдылығы – 40 мың тонна. Нәтижесінде, сүтпен 42,1%, құс етімен 78,6% қамтамасыз етілсе, суа­ру көлемі 46,9 мың гектарға, жеміс-көкөніс сақтау қоймаларымен қамта­ма­сыз етілуі 63,5%-ға жеткізіледі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржігіт Мырзахметов АӨК негізгі капиталы мен тамақ өнді­рісіне тартылған жеке инвестициялар көлемін 6 есе арттыру меже­лен­генін айтады. Яғни 84,9 млрд тең­геден 481,1 млрд теңгеге дейін көбей­тілмек.

«Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,03 трлн теңгеден 2,12 трлн теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Ал АӨК қайта өңделген өнімдерінің экспорты 136,9 млн доллардан 310,5 млн долларға жетеді деген жоспар бар. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру арқылы егіс көлемі 869,8 мың гектарға жет­кі­зіледі. Мақта дақылы 46,3 мың гектарға қысқартылып, дәнді да­қыл­дар, көкөніс, бақша және мал азық­тық дақылдардың көлемі ұлғаяды. Жылы­жайлар көлемі 1 569 гектардан 2 118,6 гектарға ұлғаяды, қарқынды баудың көлемі 4 740 гектардан 8 520 гек­тарға жеткізіледі. Мақта талшы­ғын терең қайта өңдеу көлемін 17 мың тоннадан 66 мың тоннаға арттыру жұмысы жүреді. Бес жылда 12 тоқыма тігін фабрикасын ашу, мақта шаруашылықтарын 2027 жыл­дан бастап жергілікті элиталық тұ­қым­дармен 100% қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ 5 жыл­да жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу үлесін 0,23%-дан 10%-ға, ет өнім­дерін өңдеу үлесін 12,3%-дан 34,0%-ға, сүт өнімдерін өңдеу үлесін 13,6%-дан 31%-ға ұлғайту көзделген. Өнім көле­мінің артуы бағаны тұрақ­тан­ды­ру­ға оң әсерін тигізері анық», дейді Н.Мырзахметов.

Айта кетелік, биылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша облыста 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша жалпы 99,3 мың тонна қор бар. Тұрақтандыру қорында – 330,7 мың тонна, сауда нысандарында – 5,8 мың тонна, өндіруші кәсіпорындарда – 24,4 мың тонна, қоймаларда – 2,1 мың тонна, сауда объектілерінде (айналым схемасын есепке алмағанда) 45 мың тонна азық-түлік бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 15 түрі облыста өндіріледі. Ал бидай ұны, нан, күнбағыс майы Шымкент қаласы есебінен қамтамасыз етілсе, күріш – Қызылорда облысынан, қант Жамбыл, Алматы облыстарынан әкелінеді. Түркістан қаласы тұрғындарын әлеуметтік нанмен қам­тамасыз ету үшін 2 өң­деу кә­сіпорындарына 100 тонна ұн бо­са­тылған және «айналым схемасы» шеңберінде 1 кәсіпорынға 207 млн теңге несие берілген. Нәти­же­­сінде, аталған кәсіпорындар нан бағасын 85 теңгеден сауда орындарына жеткізіп, тұтынушыға 90 теңгеден ұсынылып жатыр. Облыста өндірілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде негізінен құс еті – 11,7%, жұмыртқа 45% қамтамасыз етіледі. Осыған орай, құс шаруашылығын дамыту ба­ғытында биылдан бастап жалпы құны 17 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

 

Түркістан облысы