Экология • 10 Ақпан, 2023

Үкіметте су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасы қаралды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың тұжырымдамасы қаралды

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, құжаттың мақсаты − елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономика және қоршаған орта салаларының қажеттіліктерін теңгерімді қамтамасыз ету мәселелерін шешу.

«Біз су экожүйелерінің реттеу және қолдау функцияларын сақтау үшін олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етпекпіз. Тұжырымдама жобасы төрт негізгі міндетті қамтиды: өнімділікті, су сапасын, қолайсыз әсерлерге төзімділікті арттыру және су ресурстарын басқаруды жетілдіру», деді З. Сүлейменова.

2029 жылға қарай Қазақстанда магистральдық және шаруашылықаралық арналар желісі жаңғыртылып, автоматтандырылады, барлық негізгі гидротехникалық құрылыстарға көпфункционалды тексеру жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, қосымша гидрологиялық бекеттер ашылады, сумен жабдықтауға тарифтер қайта қаралады және суды ағызу мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі.

Талқылау қорытындысы бойынша тұжырымдама жобасы мақұлданды. Премьер-министр Әлихан Смайылов салалық ведомствоға айтылған ұсыныстарды ескере отырып, құжатты пысықтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35