Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген жерлесіміз Абу-Дабидегі доданы екінші айналымнан бастады. Бұл кезеңде Елена кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазіргі уақытта 20-орында тұрған чехиялық Каролина Плишковамен шеберлік байқасты. Екі сетке жалғасқан матчта Рыбакина 6:4, 6:2 есебімен еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Елена турнирдің жартылай финалына шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасып, өкінішке қарай, үш сетке жалғасқан мачта қарсыласына жол берді. Бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына жазғанымен, кейінгі екі сетте бразилиялық теннисшінің мерейі үстем болды – 6:3, 6:2.
Беатрис Хаддад Майя турнирдің екінші айналымында тағы бір Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцевамен кездесіп, оны үш сеттің қорытындысы бойынша жеңіп кеткен болатын – 6:4, 6:7 (5:7), 7:6 (7:4).