Қысқы Олимпия ойындарының бес дүркін жеңімпазы, әлем чемпионаттарында 14 мәрте тұғырдың ең биік сатысынан көрінген Норвегияның мақтанышы Йоханнес Тиннес Бе Оберхофта да алдына жан салар емес. Жарыстың алғашқы күніндегі аралас сайыста жеңімпаз атанған Тиннес Бе кеше спринтер бәсекесінде де үздік шықты. Бұл сында Тиннестің ағасы Тарьей Бе мәреге екінші болып жетсе, үшінші орын 25 жастағы тағы бір норвегиялық Стурла Холм Легрейдке бұйырды.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтижені жуырда ғана АҚШ-та өткен қысқы Универсиаданың күміс және қола жүлдесін жеңіп алған Александр Мухин тіркеді. Ол мәреге 41-ші болып жетті.