фото: ҚР ІІМ
Жол апатынан ВАЗ-2108 көлігінің 87 жастағы жолаушысы оқиға орнында, ВАЗ-2108 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен «Лада Гранта» көлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы ауылдағы ауруханада қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының бірінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.