Өнер • 14 Ақпан, 2023

Данелия әлі-ақ үмітті ақтайды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас әнші Данелия Төле­шова АҚШ-та өткен America’s Got Talent шоуын­да тағы да өнер көрсет­ті. Ол Дункан Лоуренс­тің Arcade әнін орын­дады. Байқаудың ресми па­рақ­шасында әншінің өнер до­дасының жаңа мау­сымына қатысқан сәтінен бейнежазба жарияланды.

Данелия әлі-ақ үмітті ақтайды

Қазақ қызының өнері жобаның әділқазылары мен барша көрер­меннің көңілінен шықты. Дане­лияға олар ерекше қоше­мет көр­сетті. Еске сала кетейік, Төле­шова бұл жобаға бұған дейін де қа­тысқан болатын. 2020 жылы Лос-Анджелесте America’s Got Talent шоуының 15-маусымының финалисі атанды. America’s Got Talent 2006 жылдың 21 маусымынан бері өткізіліп келеді. Шығармашылық байқаудың бас жүлдесі – 1 миллион доллар.

Дүбірлі доданың биылғы 18-мау­сымының қазылар алқасына дәстүрлі түрде жобаның негізін қа­лаушы, продюсер Саймон Коуэлл, супермодель Хайди Клум және канадалық сықақшы, теле­жүр­гізуші Хоуи Мандель кірді.

Данелия Төлешованың осыған дейінгі шығармашылық жолын бақылап отырсақ, оның дауыстық қабілеті де, өзін жақсы жағынан көрсете білуі де қарқынды дамып келе жатқанын байқаймыз.

Биыл аталған жоба өткен жыл­­­дардың жеңімпаздары мен финалис­терінің өнерін ұсынды. Нә­ти­жесінде, келесі кезеңге өте­тін­дер­дің есімдері де жарияланды. Дане­лия, өкінішке қарай, олардың арасында болмады. Қазіргі уақытта Данелия АҚШ-та тұрады, сонда оқиды. Әрі қарай музыкалық мансабын жалғастыруды жоспарлап жүр.