Спорт • 15 Ақпан, 2023

Еуропа кубогінде үздік шықты

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның бас шаһары – Софияда өткен дзюдодан Еуропа ашық кубогі өз мәресіне жетті. Әлемнің 43 мемле­кетінен 396 спортшы қатысқан жарыс­та Қазақстан құрамасының балуандары екі медаль жеңіп алды.

Еуропа кубогінде үздік шықты

Софиядағы сайыста 66 кило салмақта белдескен Ғұмар Қырғызбаев күміспен күптелсе, 81 килодағы Руслан Мұсаев қолаға қол жеткізді. Бастапқы бәсекелерде Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларынан басым түскен Қырғызбаев финалда украиналық Микита Холобородкомен бас жүлдені сарапқа салды. Екі спортшы арасындағы тартысты күрес 9 минутқа дейін жалғасты. Негізгі уақытта тең түскен спортшылар жеңімпазды голден скорда (қосымша уақыт) анықтады. Бұл сында 20 жастағы Украина дзюдошысының бағы жанды.

Ал турнирдің жартылай финалында жеңіл­ген Руслан Мұсаев қола жүлде үшін күресте былтырғы Еуропа ашық кубогінің күміс жүлдегері Никон Заборощукті (Молдова) тізе бүк­тіріп, үшінші орынға ие болды. София татамиінде Қазақстан құрамасының 9 балуаны бақ сынады.