14 жасқа дейінгілердің еуропалық рейтингінде Қазақстан теннисшілерінен Ярослав Пшеничный көш бастап тұр. Ол – рейтингте 64-орында. Кейінгі сатыларға Михаил Мищенко (114-орын) мен Роберт Каминский (139) жайғасқан. Қыздар арасындағы рейтингте Ева Корышева ТОП-50 теннисшінің қатарына жақындап келеді. Кешегі рейтингте ол 59-орынға көтерілді. Сонымен қатар Томирис Нұржан – 173-ші, Еркежан Жаңатаева 183- сатыға орналасқан.
16 жасқа дейінгілер арасындағы ATF рейтингінде әдеттегідей Кәрім Темірлан бірінші орында келеді. Қыздар арасындағы ТОП-10 теннисшінің қатарында Қазақстанның бес өкілі бар. Олар: Сафина Сафиулина (2-орын), Ариана Гогулина (4), Даная Аманғажиева (7), Полина Слепцова (8) және Еркежан Жаңатаева (9).