Әлем • 16 Ақпан, 2023

Жер сілкінісі кезінде туған сәби қауіпсіз жерде

17637 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби жатқан ауруханада оқыс оқиға болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісі кезінде туған сәби қауіпсіз жерде

Белгілі болғандай, қарулы екі адам аурухана менеджерін соққыға жыққан. Әлеуметтік желіде бұл Ая есімді сәбиді ұрлауға тырысқандардың әрекеті деген ақпарат тарады. Алайда Африна денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Тәртіпсіздіктің Аяға еш қатысы жоқ, оның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген», деді дәрігер Ахмад Хадж Хассан.