Аймақтар • 16 Ақпан, 2023

Қостанайлық студенттен суық қару табылды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай политехникалық колледжінің кіреберісіндегі тексеріс кезінде бір студенттен пышақ табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайлық студенттен суық қару табылды

Студентті металл детекторымен тексерген кезде жиналмалы пышақ табылған.

Күзетші 102 нөміріне қоңырау шалған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, тыйым салынған зат тәркіленген. Содан кейін 18 жастағы студент полиция бөліміне жеткізілді.

«Студенттің осы оқу орнына келген басқа колледждің студенті екендігі анықталды. Ол пышақты ата-анасына үй шаруашылығына көмектескен кезде қолданғанын айтты. Содан кейін қалтасына салып, ұмытып кеткен. Біз студентпен сөйлесіп, оның ата-анасына бұл туралы хабарладық», деді ПД баспасөз қызметі.

Полиция департаменті қазір өңірдің барлық оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін атап өтті.