Зілзаладан кейін 75 елдің іздеу-құтқару топтары Түркияға көмекке келген болатын. Оның ішінде Қазақстан да бар. Он күннің ішінде кейбір елдердің командалары өз миссиясын аяқтап, еліне қайтып жатыр. Түріктер құтқарушыларды қол ұшын созғаны үшін алғыс айтып, құрмет-қошеметпен шығарып салды.
Ал Қазақстаннан барған құтқару топтары іздеу-құтқару және медициналық көмек көрсету жұмыстарын әлі жалғастырады.