Экономика • 16 Ақпан, 2023

Әлихан Смайылов пен Николай Горбань КҚК құбыр жүйесін дамыту барысын талқылады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен КҚК бас директоры Николай Горбань Каспий Құбыр консорциумының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов пен Николай Горбань КҚК құбыр жүйесін дамыту барысын талқылады

КҚК Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде маңызды рөл атқарады. Өйткені Мұнай тасымалының көлемі құбырдың өткізу қабілетіне тікелей байланысты. 

«Өткен жылы теңіз терминалында айлақ құрылғыларының бұзылуына байланысты КҚК қызметінде шектеулер орын алды. Жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, бүгінде барлық шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажет», деді Әлихан Смайылов.

Николай Горбань КҚК мұнай құбырының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және қолданыстағы жабдықтардың сенімділігін арттыру үшін барлық қажетті шаралар іске асырылатынын айтты.