Білім • 16 Ақпан, 2023

Жәутіков жеңімпаздары

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Республикалық физика-математика мекте­бінде өткен XIX халықаралық Жәутіков олимпиадасына әлемнің 20-дан астам елінен оқушылар қатысты.

Жәутіков жеңімпаздары

Он күн бойы 281 команда ма­­­тематика, физика және инфор­матика пәні бойынша сынға түс­ті. Қазақстан құрамында қа­­тыс­­қан 35 команданың 250 мү­шесі Қазақстан, Әзер­бай­жан, Өз­­­бекстан, Ресей, Гру­зия, Румы­ния, Сербия, Украи­на, Үндіс­тан, Түр­кия, Ұлы­британия және басқа да елдер­дің физика-ма­тематика ба­ғытындағы мамандан­ды­рыл­­­ған мектептерінен келген мың­­­нан астам оқушымен бақ сы­насты.

Республикалық фи­зика-ма­тематика мектебі­нің бас­қар­ма төрағасы Руслан Қа­лиев­тің айтуынша, халық­аралық Жәутіков олимпиа­дасының жылдан-жылға танымалдығы ар­тып келеді. Олимпиада ке­зінде қатысушылар күрделі мате­матикалық есептерді шешеді. Зияткерлік конкурс­тар олардың білімін тереңдетіп қой­май, командада жұмыс іс­теуге, достық қарым-қаты­нас­­тарын нығайтуға ықпал етеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан оқу­шы­лары жүлде қорындағы 487 ме­дальдің 66-сына, яғни 6 алтын, 20 күміс және 40 қолаға ие болды. Бұл медальдердің 14-і Республикалық физика-математика мектебі оқушыларының еншісіне тиді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен білім гранттары берілді.

 

АЛМАТЫ