Әлем • 17 Ақпан, 2023

Антарктида еріп барады: Мұз ауданының рекордтық төмен көрсеткіші тіркелді

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антарктидадағы теңіз мұзының ауданы спутниктік бақылаулар кезінде рекордтық төмен көрсеткішке жеткені анықталды. Sea ice порталының мәліметі бойынша, 2023 жылдың ақпан айының басында мұз Оңтүстік мұхиттың 2,20 миллион шаршы шақырымын ғана қамтыған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антарктида еріп барады: Мұз ауданының рекордтық төмен көрсеткіші тіркелді

Алдыңғы рекордтық төмен көрсеткіш бір жыл бұрын, 2022 жылдың ақпанында тіркелген, ол кезде 2,27 миллион шаршы шақырым болған. Қазіргі уақытта Антарктиданың көптеген аудандары, соның ішінде Беллинсгаузена теңізінің мұзы толық еріп кеткен. Ғалымдар мұз ауданы одан да азаюы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Себебі мұздық қыстың соңына дейін еруін жалғастырады. 

Зерттеу жүргізген Альфред Вегенер институты мен Бремен университетінің ғалымдары соңғы алты жылда антарктикалық мұз қабаты тез ыдырай бастағанын айтты. Антарктиданың тез еруі 2022 жылдың желтоқсанында басталған.  

Айта кетсек, бұл құбылыс пингвиндерге үлкен қауіп төндіреді. Ғалымдар 2100 жылға қарай антарктикалық пингвиндердің үштен екісі жойылып кетуі немесе айтарлықтай азаюы мүмкін деп болжап отыр.